Компания туралы
«Gold collection capital-2050» Коллекторлық агенттігі жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгі — заманауи кәсіби коллекторлық компания. Біз клиенттерге қарыздарынан құтылуға және қаржылық тұрақтылықты қалпына келтіруге көмектесеміз.
Біз қарызды өтеудің қарапайым тәсілдері: бөліп төлеу немесе жеңілдікпен төлеуді ұсынатын боламыз. «Gold collection capital-2050» Коллекторлық агенттігі жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгінде мерзімі өткен несиені өтеу шарттары банкке қарағанда тиімдірек болады.
«Gold collection capital-2050» Коллекторлық агенттігі ЖШС қызметінің негізгі мақсаты жеке және заңды тұлғалардан проблемалық берешекті өндіріп алу болып табылатын, 2022 жылғы сәуірде құрылған кәсіби ұйым.
Қазіргі уақытта компания менеджменті жоғары заңгерлік немесе қаржылық білімі бар жоғары деңгейлі мамандармен жабдықталған. Қызметкерлердің басым бөлігі құқық қорғау органдарында, соттарда, қаржы құрылымдарында, оның ішінде банк секторында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Заң және коллекторлық құрылымдарында жұмыс тәжірибесі бар және берешекті қалыптастырудың барлық кезеңдерінде борыштарды жинаудың кәсіби дағдыларына ие.
Компания Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде 2022 жылғы 12 сәурінде тіркелді және Коллекторлық агенттіктер тізіліміне № 08.K.22.001 енгізілді.
Біздің қызметтеріміз
Soft Collection
Қашықтықтан хабарласу арқылы берешекті өндіріп алу.
Hard Collection
Борышкермен тікелей келіссөздер жүргізу.
Legal Collection
Сот арқылы өндіріп алу және сот процесінде өкілдік ету.
Құқықтық негіз
Біздің қызметіміз «Коллекторлық қызмет туралы» Заңымен қатаң реттеледі.
Байланыстар
Мекен-жайы
ҚР, Жамбыл обласы, Тараз қ., Әулиеата ауданы, Жамбыл даңғылы, 18А